Дакка қаласындағы колледж аумағына Бангладеш Әуе күштеріне тиесілі F-7 BGI әскери ұшағының құлауы салдарынан 19 адам қаза тапты, 100-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
Ұшақ ел астанасы Дакканың Уттара ауданында орналасқан оқу орнының асханасының шатырына құлаған. Зардап шеккендердің бір бөлігі әскери тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Жараланғандар арасында студенттер де бар.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмылдырылып, апат себептерін анықтау бойынша тергеу басталды.