Әлеуметтік желіде көптің жүрегін елжіреткен видео тарады. Онда қайырымдылық қоры жетім баланы ерекше жағдайда қуантқан, деп жазды turkystan.kz.
Жаңа қоныс иесі — 16 жастағы Ерасыл есімді жасөспірім. Ол бес жасында анасынан айырылып қалған. Ал 15 жасында — әкесі ауыр дерттен көз жұмған. Ерасыл енді екі бауырын өзі бағып-қағып отыр.
Ол әкесінің «Екі бауырыңа бас-көз бол. Барлығың бірге өмір сүріңдер» деген соңғы аманатын әркез есінде ұстайтынын айтты.
Осы жайттан хабардар қазақстандық қайырымдылық қорының мүшелері ата-анасыз қалған балаларды қуантты. Қор өкілдері үш баланы баспанамен қамтамасыз етіп, олардың болашағына сенім ұялатқан.
Мұндай жүрекке жылу сыйлайтын шынайы оқиғаланы көрген желі қолданушылары жасөспірімдерге жалы тілектерін арнады.