«Алакөлге келіп, ішіп алыпты...»: Төреғали Төреәлі сынға ұшырады (ВИДЕО)

/
«Алакөлге келіп, ішіп алыпты...»: Төреғали Төреәлі сынға ұшырады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Атышулы танымал әнші Төреғали желіде тағы бір шулы видеосы жарияланды. Онда әншінің Алакөлде жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Видеода әнші сахна үстінде тұрып, тыңдарманына тіл қатты. Ол өз сөзінде ішімдік ішуді қойғанын айтты.

«Сыра әкеп беремін бе, дейсің бе? Жоқ и, қойғанмын, қойдым ғой. Кеше тоқтаттым деген жоқпын ба! Ұят қой. Тағы да Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе. Анда-санда демалу керек. Бірақ жұмыс та істеу керек», – дейді Төреғали Төреәлі.

Алайда, әншінің бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан тағы да сынға ұшырады.

«Қазір де кішкене ұрттап алған сияқты ғой», «Не киіп алған? Сахна мәдениеті қайда», «Семіздікті қой ғана көтереді деген», «Осы тұрғанда ішкен немесе шегіп алған», «Сахнада тұрып қуып тұр ғой, есік алдында отырғандай», «Бұл да бір жүрген біреу. Соңғы кездері қуып кетті, киімінің түрі анау», «Осыны неге шақырады?! Не айтып тұр өзі?» – деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары