Әуежайдың жүк түсірушілері әншінің өте қымбат гитарасын сындырып тастаған, деп жазды turkystan.kz.
Ұлықпан Жолдасовтың назын айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Мені емес гитарамның сынған жерін түсір. Ұшақтың жүк салғышына лақтырып, тасыған кезде сындырған. Мысалы, мына гитара 3 700 доллар тұрады. Таза америкалық гитара. Енді, міне, сынып келді. Енді мұны кімге айтамын?», – деді Ұлықпан Жолдасов.
Мұны көрген желі қолданушылары кеңес айтты.
«Қай компания? Сол компанияға арнап ән жаз. Клип түсіріп, ютубқа жүкте. Еуропада бір әнші солай жасаған», «Маған әкелсеңіз, мін таппайтындай етіп, жөндеп беремін», «Аға, енді өлеңді қойып, терме айтсаңызшы», «Сотқа беріңіз. Төлесін» деп жазды жұрт.