Дипломның өзі емес, тәжірибе, жағдайға тез бейімделудің маңызы артып келеді – Goldman Sachs

/
Дипломның өзі емес, тәжірибе, жағдайға тез бейімделудің маңызы артып келеді – Goldman Sachs
сурет: istockphoto.com

АҚШ-та жоғары білім дипломының еңбек нарығындағы артықшылығы азайып барады. Goldman Sachs қаржы ұйымының жаңа талдауына сәйкес, университет бітірген жастардың жақсы жұмыс табу мүмкіндігі жоғары білімі жоқ адамдарға қарағанда небәрі 0,9% ғана жоғары болған, деп хабарлайды turkystan.kz fortune.com-ға сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш еңбек нарығындағы көзқарастың түбегейлі өзгергенін көрсетеді. Енді жұмыс берушілердің басты талабы – диплом емес, тәжірибе, икемді ойлау, жаңа жағдайларға тез бейімделу қабілеті.

Сарапшылар мұны технологиялардың тез дамуы және жұмыс түрлерінің үздіксіз өзгеруімен байланыстырады. Теориялық білімнен гөрі, нақты дағды мен өміршең икем маңыздырақ бола бастады.

Не маңызды?

  • Портфолио мен нақты тәжірибе
  • Жаңа нәрсені тез үйреніп алу қабілеті
  • Жауапкершілік пен шығармашылық
  • ІТ, аналитика, дизайн, цифрлық коммуникация сияқты нақты саладағы дағдылар
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары