Бурабайда 2 адам отырған катамаран аударылып кетті

/
Бурабайда 2 адам отырған катамаран аударылып кетті
112

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары Бурабайда катамаран аударылған демалушыларға көмектесті, деп хабарлады turkystan.kz.

17 шілдеде Ақмола облысы Бурабай ауданында Бурабай көлінде патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары жағалаудан 300 метр қашықтықта екі адам отырған аударылып кеткен катамаранды байқады.

«Құтқарушылар көмекке асығып адамдарды жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары