Таэквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореядағы турнирде жүлдегер атанды

/
Таэквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореядағы турнирде жүлдегер атанды
Olympic.kz

Қазақстандық таэквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз жарыс барысында жартылай финалға дейін жетті. Ал жартылай финалда Ботагөз Қапанова Қытай спортшысына есе жіберді.

Осылайша, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады және әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын беделді дода болып саналады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары