Жасанды интеллект арқылы жасалған бейнеролик Малайзиядағы зейнеткер жұпты адастырған. Ерлі-зайыпты Куала-Лумпурдан Перак штатының Куак Хулу қаласына дейін үш сағат жол жүріп, әлеуметтік желіде жарнамаланған жолды көруге барған. Алайда TikTok-та көрсетілген Kuak Skyride атты нысан шын мәнінде өмірде жоқ болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz scmp-қа сілтеме жасап.
30 маусымда қалаға келген отбасы қонақүйге жайғасқан соң, қонақүй қызметкерлерінен канат жолына қалай жетуге болатынын сұраған. Алайда олар мүлде мұндай нысанның бұл аймақта жоқ екенін айтқан.
Кейін белгілі болғандай, зейнеткерлер көрген видео кәсіби жаңалықтар репортажы стилінде жасалған. «Журналист» Kuak Skyride канат жолынан ашылатын таулар мен ормандардың көрінісін сипаттап, туристермен «сұхбат» алған. Бәрі шынайы көрінгенімен, видео толығымен нейрожасанды желі арқылы жасалған.
South China Morning Post хабарлауынша, бұл жалған сюжет бірнеше туристік топты да шатастырған. Жергілікті билік өкілдері мұндай сұранысқа қарап, болашақта шын мәнінде канат жолын салу туралы ойлануы мүмкін.