АҚШ-та су тасқынынан көз жұмғандар саны 130-ға жуықтады

/
АҚШ-та су тасқынынан көз жұмғандар саны 130-ға жуықтады
© Getty Images / Eric Vryn

АҚШ-тың Техас штатындағы жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан сәл астам уақыт өткен соң, 12 шілдеде апаттан қаза тапқандар саны кем дегенде 129-ға жетті, деп хабарлады DW сайты жергілікті билікке сілтеме жасап.

166 адам із-түзсіз жоғалған. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Керр округінің өзінде 103 адам, оның ішінде 36 бала көз жұмды.

Метеорологиялық қызмет 13 шілде күні кешке дейін (жергілікті уақыт бойынша) тағы жа су тасқынына әкеп соғуы мүмкін нөсер жаңбыр жауатынын ескертті.

Сонымен қатар 11 шілдеде The Washington Post газеті апат кезінде Техас штаты Керр округінің билігі ұялы телефондарды дірілдеп, қатты сигнал беретін қалааралық ескерту жүйесін іске қоса алмағаны туралы мақала жариялады. Ескертулер тек SMS арқылы жіберілген, оның өзін осы қызметке тіркелген пайдаланушылар ғана алған.

Техастағы су тасқыны нөсер жаңбырдан туындады, жауын-шашын мөлшері бір шаршы метрге 300 литрге жетті, бұл Керр округіндегі орташа жылдық жауын-шашынның үштен бір бөлігін құрайды. AFP агенттігінің хабарлауынша, 4 шілдеге қараған түні Гвадалупе өзеніндегі су деңгейі 45 минут ішінде 8 метрге көтерілген. Ол кезде Тәуелсіздік күні мерекесі мен одан кейінгі демалыс күндеріне байланысты өзен жағасында демалып жатқандар көп болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары