Alphabet құрамындағы Isomorphic Labs компаниясы жасанды интеллект жасаған дәрі-дәрмекті адамдарға сынауға дайындалып жатыр. Бұл туралы компания президенті әрі Google DeepMind-тің бизнес жөніндегі директоры Колин Мердок Fortune басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Препаратты жасауға DeepMind компаниясы әзірлеген AlphaFold нейрожелісі негіз болған. Бұл жүйе адам ағзасындағы ақуыз құрылымын дәл болжай алуымен әлемге танылды және 2024 жылы технология саласындағы Нобельге баланатын сыйлыққа ие болған.
Isomorphic Labs жобасының мақсаты – жаңа буын дәрілерін тез, арзан әрі дәл жасау. Компания жасанды интеллектті фармацевтика саласындағы тәжірибелі мамандармен біріктіріп, препараттарды зерттеу мен әзірлеу процесін түбегейлі өзгертуге ниетті.
Колин Мердоктың айтуынша, болашақта мұндай технологиялар ауруды анықтаған соң бір ғана батырманы басып, дәл соған сәйкес дәріні жасап шығуға мүмкіндік беруі мүмкін:
«Міне – диагноз, ал міне – нақты соған арналған препарат».
Жоба туралы біраз ақпарат құпия сақталып отыр, алайда бұл – жасанды интеллект пен медицинаның тоғысуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Егер сынақтар сәтті өтсе, бұл фармацевтикалық индустриядағы революцияға айналуы мүмкін.