Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды

/
Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды
скриншот

Түркістан облысында жанармай құю стансасында жарылыс болды. Оқиғаның салдарынан бекеттің жанында тұрған нысандар да қирап қалған, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында болды. Түскі мезгілде бекеттің цистерналарына бензин құйып жатқанда жалын шығып, жанармай құю стансасының күлі көкке ұшқан. Бекетті әп-сәтте отқа ораған қызыл жалын жанында тұрған сауда үйі, дәріхана мен дүкенге де тиді.

Өрттің жалпы аумағы 855 шаршы метр. Оны сөндіруге облыстан өзге Шымкенттен де мамандар келіп, техника тартылып, бәрі төрт сағат бойы қызыл жалынмен алысты. Оқыс оқиғадан зардап шеккен 29 жастағы бензин таситын көлік жүргізушісінің өмірі үшін қазығұрттық дәрігерлер арпалысып жатыр.

 «Алдын ала қойылған диагноз, өрттен кейінгі 3-ші, 4-ші дәрежедегі күйігі. Күйік мөлшері 85-95%. Науқастың жағдайы өте ауыр, травматикалық шок. Қазір дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін атсалысып жатыр. Облыстан комбустиолог дәрігерлер кеңесін беріп кетті. Науқас жансақтау бөлімінде үздіксіз емделіп жатыр», - деді Қазығұрт ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дәулет Сағатұлы.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары