Amazon – қызметкерлері қатарында 1 миллионнан астам робот бар әлемдегі алғашқы компания атанды, деп хабарлайды turkystan.kz Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
Бүгінде олардың саны 1,56 миллион адам жұмыс істейтін компаниядағы кадрлық құрамға таяп қалды.
Бұған дейін роботтар қойма ішінде тек қораптарды тасымалдаумен шектелетін. Ал қазір олар ұжым ретінде әрекет етіп, бір-бірімен байланыс орнатады, тапсырмаларды бірге жоспарлап, өзара тәжірибе алмасады.