Алматыда Өзбекстанның 16 жастағы азаматы жоғалып кетті. Ол 20 күннен аса уақыттан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды LIDER.KZ еріктілері.
2009 жылы туған Амиров Ёдгор 10 маусымда жоғалып кеткен. Сағат шамамен 9:30-да Наурызбай ауданы, Қарғалы ықшамауданы, Редько көшесі 6-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 160 см, арық денелі, шашы қара, қысқа, көзі қоңыр, саусағында қал бар.