«Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: Қуандық Қыстықбаев көпшілік біле бермейтін сырын айтты

/
«Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: Қуандық Қыстықбаев көпшілік біле бермейтін сырын айтты
Видеодан скриншот

Белгілі актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің жасы ұлғайған шағында дүниеге келгенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz..

Өнер иесі ата-анасының жас айырмашылығы мен отбасының тарихы туралы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында баяндады.

«Әкемнің 78 жасында дүниеге келгем. Менің анам – екінші әйелі. Әкем бірінші әйеліне он шақты құрсақ көтерткен. Ол кезде медицина нашар болғандықтан, балалар шетінеп кете берген. Бірінші әйелі қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң әкем менің шешемді 16 жасында алған. Анам да он шақты құрсақ көтерген. Әкем 88 жасында, мен 10 жасымда қайтыс болды. Әкем мен анамның арасы – 34 жас», – дейді Қуандық Қыстықбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары