«Есімі ерекше»: Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды

/
«Есімі ерекше»: Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық жұлдызды жұп Бүркіт пен Айшаның шаңырағында қуанышты оқиға – олар кішкентай қызы Латифаны қырқынан шығарды. Өнер иесі әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Сәбидің дүниеге келгеніне 40 күн толуына орай жайылған дастарқанға отбасының ет жақындары жиналған. Олар сәбиге тілек айтып, қырық қасық суын құйды.

"Кішкентай ханшайымым! Ең бастысы – денсаулығың мықты болсын. Алла әлемдегі ең бақытты адамдардың қатарына қоссын сені, құлыншағым! Тілден, көзден сақтай көр, Алла! Сен біздің кішкентай ханшайымымызсың", - деп жазды ол видео сипаттамасына.

Бұл тілекке желі қолданушылары да қосылды.

"Құрметті Айбек пен Аиша! Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Қыздарыңыз Латифа бақытты да дені сау болып өссін, армандары оңай әрі тез орындалсын! Сіздерге тек қуаныш пен мақтаныш сыйлай берсін", " Болашағы тек жарқын, сәтті, несібесі көп болсын", " Көркіне сай ақылды қыз болсын ! Ең бастысы, бақытты болсын", - деп пікір қалдырған олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары