Оңтүстік Корея соты K-Pop индустриясындағы цифрлық аватарларды жеке тұлғаның бір бөлігі деп танып, олардың беделіне нұқсан келтіретін пікірлер үшін айыппұл салуға рұқсат берді. Бұл шешім интернет кеңістігіндегі виртуалды тұлғаларға қарсы жасалған шабуылдарға құқықтық тұрғыда тосқауыл қоймақ, деп хабарлайды turkystan.kz scmp-қа сілтеме жасап.
Сот үкіміне сәйкес, енді аватарлар тек «анимациялық сурет» немесе «ойдан шығарылған кейіпкер» емес.
Судья шешімін былай түсіндірді: «Аватар дегеніміз жай ғана сурет емес, ол адамның виртуалды болмысының бір бөлігі. Демек, оған айтылған жағымсыз пікір енді интернеттегі жай әзіл саналмайды».
Бұл шешім әсіресе виртуалды K-Pop жұлдыздарының танымалдығы артып келе жатқан кезеңде қабылданып отыр. Олар фанаттармен интерактивті түрде байланыс орнатып, концерттер өткізіп, шынайы әртістер сияқты табыс табуда. Енді оларды қорлағандар заң алдында жауап беретін болады.