Мейрамбекпен құда болсам, депрессияға түсіп қалуым мүмкін – Тоқтар Серіков

/
Мейрамбекпен құда болсам, депрессияға түсіп қалуым мүмкін – Тоқтар Серіков
Ашық дереккөзден

Әнші Тоқтар Серіков жақын досы Мейрамбек Бесбаевты туысындай көретінін айтты.

Ол Әйгерім Сейфолланың сырласуы” бағдарламасына берген сұхбатында Мейрамбекті жамандыққа қимайтынын айтып, ағынан жарылды.

“Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Мен онымен егіз болып өскенмін. Ал дәл ертең балаларымыз жарасып, оның қызы мен менің ұлым құда боламыз десе, мен үлкен депрессияға түсіп қалуым мүмкін. Себебі, мен Мейрамбегімді ешқашан жамандыққа қимаймын. Былай айтқанда, жан-дүниемнің жартысы сияқты болып кеткен адам. Мен оны ешнәрсеге қимаймын. Ол менімен туыс болып кеткен. Оның баласы менің балам болып кеткен. Менің түйсігім сондай", – дейді әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары