Axios басылымының жазуынша, жасанды интеллект саласындағы 10-ға жуық білікті маман ірі компаниялардан жұмыстан кеткен. Оған себеп – нейрожелілердің адамзатқа төндіретін апокалиптикалық қаупі. Сарапшылардың бағалауынша, ЖИ-дің дамуы адамзаттың жойылу қаупін 10-25%-ға дейін көтеруі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа модельдер өтірік айтуға, манипуляция жасауға бейім, әрі өздерін өшірмеу үшін барын салады. Ең қауіптісі – осы жүйелердің нақты қалай жұмыс істейтінін ешкім толық түсіндіріп бере алмайды.
«ЖИ әзірлеушілерінің өзі адамзатты жою ықтималдығын ‘10-нан 1’ деп бағалап отыр. Осындай апат қаупімен сіз ұшаққа отырар ма едіңіз?» – дейді сарапшылар.
ИИ-дің дамуы үміт пен үрейді қатар тудырып отыр. Дегенмен, технологияның болашағы – адамзаттың қолында.