Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өкінішке қарай, бүгін татамиге жалғыз шыққан Мейірлан Максим (90 кг) 2024 жылғы әлем чемпионы — жапондық Гоки Тадзимаға қарсы белдесу кезінде белсенді күрес көрсетіп, екі «шидомен» жеңіп жатқан сәтте жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады.
Айта кетейік, ертең жарыстың алтыншы күнінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан мен Марат Байқамұров татамиге шығады.