Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ресми парақшасында жарияланды.
«Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Өтешов Алмас Дәулетярұлы басқармаға қарасты “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Алмас Дәулетярұлы - Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы. Осы уақытқа дейін яғни бес айға жуық басқармаға қарасты “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды. Алмас Дәулетярұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз!», - делінген басқарма хабарламасында.