Шардарадан заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды

/
Шардарадан заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды
Бас прокуратура

Түркістан облысының табиғат қорғау прокуратурасы Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында балықты аса ірі көлемде заңсыз аулаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

16 адам ұсталды, олардың қатарында осындай қылмыстар үшін бұрын сотталғандар да бар. 

Қылмыстық топтың құрамында тікелей браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау және сату ісімен айналысқан логистер, сондай-ақ бұл қылмыстық әрекетті үйлестіріп отырған ұйымдастырушы болған. 

Барлығы 12 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштары, 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. 

Алдын ала келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асты.

 Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары