Әлемге әйгілі тиктокер Хаби Леймді АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметі (ICE) ұстады және оған елден ерікті түрде кету ұсынылды. Бұл ақпарат ICE таратқан хабарламада айтылған, деп жазды turkystan.kz.
Тегі сенегалдық Хаби Лейм — TikTok желісінде 162,2 миллион жазылушымен ең көп оқырманы бар қолданушы.
Болжам бойынша, иммиграциялық қызмет өкілдері Леймді Лас-Вегас қаласында визасының мерзімі өтіп кеткені үшін ұстаған.
Алайда оны ұсынатын Sharks Celebrities агенттігі ICE мәлімдемесін «жалған ақпарат» деп атап, Хаби Леймнің бұл айда АҚШ-қа бармағанын алға тартты.
Бұған дейін Президент Дональд Трампты ашық сынап жүрген түрік-америкалық танымал стример Чикагодағы О’Хара халықаралық әуежайында ұсталып, тергелген болатын.