Күні кеше Сәкен Майғазиев жалғыз ұлы Әділеттің тойын дүркіретіп өткізді. Тойға өнер жұлдыздарының түгелі дерлік жиналды, деп жазады turkystan.kz.
Келген қонақтар қатарында белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова да бар. Ол өзінің жалғыз ұлы Әнуарды тойға ерте барған. Құр қайтпай, Сәкеннің қыздарына құда түсетін демесі барын да білдірді.
«Бүгінгі тойға Олжас екеуміз ғана емес, ұлым Әнуарды да арнайы ертіп келдік. Сіздерде қыз бар, бізде ұл бар дегендей... Жәй келмедік, үлкен "намекпен" келіп отырмыз. Бұйырса, бұл шаңырақта тағы да той болсын», – деген әнші.
Мұны естіген желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Көпшілігі оны сынға алған.
«Әуелі ұлына қазақша үйретсін», «Үлкендер отырған жерге баламен келгені қаншалықты дұрыс?», «Сәкендей қарапайым отбасына Мадинаның өркөкірек болмысындағы ұлы сай келер ме екен?!», «Сәкеннің қыздарына Әділеттей тәрбиелі, байсалды азамат бұйырсын», – деген пікірлер жазған.