Жуырда аяғы ауыр екенін жарияға жар салған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Менің 7-ші жүктілігім...
Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процессін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, сол сәтте сезбеу - заңдылық. Өйткені басыма біраз мәселе үйір болған кезең еді. Оған халық куә болды. Одан бөлек, көпшілік білмейтін жеке мәселелерім де тағы бар... Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей...Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы, өз уақытында, өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы соғып тұрған кішкентай ғана жүрекшем барлық түйіндерді шешіп жіберді деп айтсам, асылық айтқаным болмас. Өйткені өмірімде үлкен өзгерістер бастау алып, мен күтпеген, мүлдем ойламаған таңғажайып жайттар орындалды. Құдды бір киноның сценариі тәрізді. Дәл сол уақытта, бұл жайлы мен ештеңе сезген де, білген де емеспін. Бұл - Жаратқанның маған берген ең ғажайып сыйы. Бергенінен берері мол дегенді мен сонда ғана түсіндім. Адам мұқтаждығын өзгеден емес, Алладан сұраса, Алла оның абыройын асырып, жоқ нәрсесін түгелдеп қояды екен. Әрине, ниеті таза, жүрегі түзу болса, бәрі өз орнына, өз ретімен келеді екен. Әрине, ниетің таза әрі түзу болса, бәрі өз орнымен, өз жөнімен орын алады», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сөз соңында ол құттықтап жатқан қолданушыларға алғысын айтып, "Жұғысты болсын" айтты.