«Фастфудтан бас тартпадым»: Фитнес-бапкер таңғы ас арқылы 30 келіге арықтағанын айтып, құпиясын ортаға салды

/
«Фастфудтан бас тартпадым»: Фитнес-бапкер таңғы ас арқылы 30 келіге арықтағанын айтып, құпиясын ортаға салды
pixabay.com

Бұрын артық салмағы болған фитнес-бапкер Росс Котрон оңай арықтаудың құпиясын ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Daily Mail-дің мәлімдеуінше, фастфудтан бас тартпаған әрі қатаң диета ұстамаған ол 1 жылда 30 келіге арықтаған. Белгілі болғандай, ол үш жұмыртқаны қамтитын таңғы ас арқылы артық салмақтан арылған.

«Мұндай аста 20 грамм ақуыз бар, бұл – әйел үшін тәуліктік норманың жартысы және ерлер үшін үштен бірі», – дейді бапкер.  

Ол жұмыртқаны қалай әзірлесе де, өз еркі екенін айтады. Ол жұмыртқаны асып, қуырып, ірімшікке, етке, азық-түлікке қосып та жеген.

«Жұмыртқаны жеген соң, көпке дейін қарның ашпайды, басты құпиясы – осы», – дейді бапкер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары