Мұхамеджан Тазабек құдалық кезінде дастархан жайған аспазға алғыс айтты (ВИДЕО)

/
Мұхамеджан Тазабек құдалық кезінде дастархан жайған аспазға алғыс айтты (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

Астаналық аспаз Гүлайым Абдуллаева әлеуметтік желідегі парақшасында Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектің видеосын жариялады. Онда жақында қызын ұзатқан Мұхамеджан Тазабек аспаздарға алғыс айтқан, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақтың тойы деген – үлкен абырой. Ол тойдағы дастархан – берекенің іргетасы.  Сондықтан Астананың төріндегі құдалықта болған дастарханның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Жалпы қазақтың мәдениеті қай ғасырда да өте жоғары болған. Бірақ бүгінгі заманауи тенденциялармен біріктірген кезде адамның жүрегі қуанады.  Шақырған қонақ та, үй иесі де қуанады.  Осы нәрсенің барлығы біздің мәртебемізді биіктетті.  Дастархан тек қана ішіп жеу емес қой. Дастархан – сән салтанат, мәдениет және қарым-қатынас. Сондықтан бүгін өнер де, мәдениет те, еңбек те – бәрі көзге түсті. Соған өзіміз қуанып отырмыз», - деді М. Тазабек.

Еске салсақ, бұған дейін танымал қорғаушы Мұхамеджан Тазабекпен ара-қатынасы жайындағы қауесетке нүкте қойған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары