Әлеуметтік желіде немересіне жілік атауларын үйреткен атаның тараған видеосы жұртты сүйсінтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Видеода бала атасының айтқанын тез меңгеріп, әр сүйектің атын дәлме-дәл қайталайды.
Оқырмандар «Міне нағыз ұлттық құндылық», «Осындай аталарымыз көп болсын!», «Ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды», - деп пікір білдірді.