Шымкентте түйеқұсты тепкен жігіт іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

/
Шымкентте түйеқұсты тепкен жігіт іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Шымкент зообағында ер адам қоршаудан өтіп, түйеқұсты ұрып-соққан, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 25 мамыр күні кешке орын алған. Келуші "Қоршаудан өтуге тыйым салынған" деген жазуды елемей, түйеқұстар тұрған вольерге кіріп, құстың бірін теуіп жіберген. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, ол басқа жануарларды да қорқытып үркіткен.

Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған. Зообақ әкімшілігі бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлап, ер адамның әрекетін ерсі деп бағалап, іздеу салған.

"Бұл — жабайылық. Жануарлар — ойыншық емес. Олар тірі, сезеді, қорқады, күйзеліске түседі, ауырсынады. Егер жануарларға жанашырлығың жоқ болса — оларға жолама. Мазалама. Зиян келтірме. Оқиға басқа бір келушінің телефонына түсіп қалған. Бұл адамды таныған болсаңыз — бізге хабарласуыңызды сұраймыз.  Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінеміз. Жануарларға құрмет — адамгершіліктің белгісі.", – деді зообақ өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары