Нью-Йоркте Роберт Сэмюэл есімді кәсіпкер ерекше қызмет түрін дамытып, бүгінде айына 160 000 АҚШ долларына дейін табыс тауып отыр. Оның бизнесінің мәні — басқалардың орнына кезекке тұру, деп хабарлайды turkystan.kz fortune.com-ға сілтеме жасап.
Бәрі 2012 жылы басталған. Сол кезде Роберт жаңа iPhone үшін кезекте тұрған орнын 300 долларға сатып жіберген. Бұл күтпеген табыс оған идея беріп, кәсібін жолға қоюға түрткі болыпты.
2025 жылы оның командасында 45 адам жұмыс істейді. Олар клиенттерінің орнына сағатына 38 доллардан кезекке тұрады. Қызмет сұранысқа ие: адамдар оларды элиталық мейрамханаларда, Supreme кроссовкаларының премьерасында, Уоррен Баффет акциялар жиналысында, тіпті рэпер P. Diddy-ге қатысты сот тыңдауларында да пайдаланады.
Осылайша, жай ғана кезекке тұрудан басталған бастама бүгінде табысты бизнес-империяға айналған.