Түркістан облысында дрон арқылы заң бұзған 20-дан астам жүргізуші анықталды

/
Түркістан облысында дрон арқылы заң бұзған 20-дан астам жүргізуші анықталды
Polisia.kz

Түркістан облысы Төлеби ауданында полиция жол қозғалысы ережелерінің сақталуын дронның көмегімен әуеден бақылап, бір тәулік ішінде 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізушілердің бірі қауіпсіздік белдігін тақпаса, енді бірі жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізушілер де тіркелді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Барлық құқық бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданды. Дрондарды пайдалану жол қозғалысын бақылау мүмкіндігін кеңейтіп, жерден байқау қиын құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жолдағы тәртіпті нығайтуға және қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Рөлде отырған әрбір адамның жауапкершілігі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары