Шілдеден бастап «Алматы – Петропавл» рейсінің билеті арзандайды

/
Шілдеден бастап «Алматы – Петропавл» рейсінің билеті арзандайды
istockphoto.com

1 шілдеден бастап «Алматы – Петропавл» бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстер коммерциялық негізде орындалады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Бұл туралы Көлік минситрлігі мәлімдеді. 

"Билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болған. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталмақ (тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады).

Айта кету керек, рейстердің жиілігі сақталады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы — екі сағат", - делінген хабарламада. 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары