Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды

/
Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды

Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығымен марапатталды. Марапаттау рәсімі 23–24 қазанда Ташкентте өткен Golden Globes Silk Road Tribute Gala атты алғашқы гала-кеште өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Beacon Award Орталық Азия мен Кавказдың кино және телевидение саласында жаңа буын таланттарының өкілі саналатын болашағынан үміт күттіретін актерлеріне беріледі. Шұғыла Ешенмен бірге бұл марапатқа армян актері Самвел Тадевосян да ие болды. Ұйымдастырушылар марапат иегерлерінің есімдерін алдын ала Golden Globes-тің ресми сайтында жариялаған.

Marie Claire Kazakhstan басылымының мәліметінше, Шұғыла Ешен бұл марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық актриса атанды. Beacon Award Silk Road Tribute Gala аймақтық бағдарламасы аясында тағайындалған және «Алтын глобус» жыл сайынғы сыйлығының негізгі номинацияларына кірмейді.

Шұғыла Ешен «Ғашықпын саған», «7 қарақшы», «7 ата», «Қайтадан» және «SHEKER. Последний шанс» жобалары арқылы танымал. Соңғы жобадағы рөлі үшін ол қазақстандық киносыншылардың шешімімен «Екінші пландағы үздік актриса» марапатын да алған. Бұл жетістігі Golden Globes ресми сайтындағы актрисаның өмірбаянында көрсетілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары