Салық кодексінің философиясы түбегейлі өзгеріп жатыр – Еркін Әбіл

/
Салық кодексінің философиясы түбегейлі  өзгеріп жатыр – Еркін Әбіл
parlam.kz

Жуырда Мәжіліс жаңа Салық кодексін Сенат қарауына жолдаған болатын. Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбіл басты назар ставкаларға ауғанымен, жаңа құжаттағы негізгі өзгерістер әкімшілік реттеу мен салық өндіру тәртібіне қатысты болғанын айтады. «AMANAT» фракциясы депутатының айтуынша, бұл жоба салық саясатын барынша ашық, барлық тарапқа ыңғайлы әрі әділ жүргізуге сеп болмақ.

– Жаңа Салық кодексі биз­нес­ке, халыққа, мемлекетке қалай әсер етеді, қандай жақсылығы бар? – нақты тетіктерге тоқталып өт­сеңіз.
– Қоғам жаңа Салық кодексінің жо­басын талқыланғанда, басты на­зар салық түрлері мен олардың мөл­ше­­ріне, яғни ставкаларда болды. Алай­да менің ойымша, негізгі өз­ге­ріс­тер әкімшілік реттеу мен салық өн­діру тәртібінде болып отыр. Жобада бизнес үшін көптеген өз­геріс, жеңілдік бар деп айтуға бо­лады. Әрине, біз осы жобаны қараған кез­де «Атамекен» кәсіпкерлер па­ла­та­сы өкілдері, жалпы бизнес өкілдері та­ғы қосымша жеңілдіктер сұраған бо­латын. Бірақ қазіргі Мәжіліс ма­құл­даған нұсқаны белгілі бір комп­ро­мисс ретінде қарастыруға болады: бір жағынан Үкімет, екінші жағынан Парламент және бизнес өкілдері өза­ра келісімге келген ортақ шешім. Қа­зіргі жоба Сенатта қаралып жатыр, сон­дықтан әлі қандай өзгерістер бо­ла­тыны белгісіз. Дегенмен қол­да­ныс­тағы кодекспен салыстырғанда жеңіл­­дік көп.
Ең басты өзгерістің бірі – салық ор­гандары мен бизнес арасындағы ақпарат алшақтығы енді құқық бұзу ре­тінде емес, ақпараттағы айыр­ма­шы­лық ретінде қарастырылады. Бұ­рын мұндай жағдайда бірден құқық бұзу деп бағаланып, шара қолда­ны­ла­тын. Енді мұндай айырмашылық анық­талған жағдайда, бизнеске оны түзетуге мүмкіндік беріледі.
Бұдан бөлек, ұзақ уақыттан бері тал­қыланып келе жатқан тағы бір мә­селе – кәсіпкерлердің шотын бұ­ғат­тау. Бұрын қандай да бір құқық бұзу анықталса, шот толықтай бұ­ғат­та­латын. Енді тек нақты берешек со­­масына ғана шектеу қойылады, қал­ған қаражатқа бизнес еркін иелік ете алады. Сондай-ақ құжат айналымы, есеп беру, тіркеу рәсімдері жеңілдетіліп жатыр. Арнайы нормалар енгізіліп, толық цифрландыруға жол ашылмақ. Бұ­ған дейін салық жүйесінде бір-бі­рі­­мен байланысы жоқ бірнеше ақ­­па­рат базасы болды. Енді олар бі­рік­тіріліп, қолданушыға түсінікті, ың­ғайлы бір портал арқылы барлық са­лық жұмыстарын жүргізуге мүм­кіндік береді. Сонымен қатар қа­был­данған нормалар жасанды интел­лект­ті іске жаратуға да жол ашпақ. Қа­зір жасанды интеллектке қатысты жеке заң жобасы қаралып жатыр, дегенмен жаңа кодекс аясында әр са­лық төлеуші өзінің виртуалды кө­мекшісі арқылы барлық салық опе­рацияларын жүргізе алады.
– Бірақ қағаз нұсқасы да қа­тар жүре ме?
– Иә, қасында қағаз эквиваленті бо­лады. Бірақ толығымен бәрін цифр­лық жүйеге көшіруге де мүм­кін­дік бар. 
– Мысалы, шалғай ауылдарда интернетке, немесе технологияға кез келген уақытта қол жете бер­мейтінін ескерсек, толықтай цифрландыру туралы шешім қан­шалықты тиімді болады?
– Әрине, қиындық туындауы мүм­кін, оны да ескердік. Қазіргі қол­да­ныстағы қағаз форматтағы жүйе сақ­талады, яғни, үйреншікті тәсіл жойыл­майды. Бірақ ең маңыздысы – толық цифрландыруға көшу және барлық ақпарат базаларын біріктіру. Бұл – жаңа Салық кодексіндегі басты жаңа­­лықтардың бірі. Мәселен, көлік салығына байла­ныс­­ты бұған дейін көптеген түсі­ніс­бес­тік болды. Бір рет төленген са­лық­ты қайта төлеу талап еткен жағдай­лар кездесті. Жерге қатысты мәсе­ле­лер де толық ашық емес еді, әсіресе 5-6 жыл бұрын меншік құқығына бай­ланысты сұрақтар көп болатын. Ба­залардың бірігуі бұл мәселелерді ше­шеді. Енді барлық ақпарат ашық фор­матта қолжетімді болады. Бұл қо­ғам үшін де пайдалы, азаматтар кім, қанша салық төлеп жатқанын кө­ре алады. Мемлекет үшін бұл нақ­ты әрі тиімді есеп жүргізуге мүм­кін­дік береді. Ал кәсіпкерлерге жеңіл бо­лады. Олар нақты әрі түсінікті түр­де қашан, қанша, қандай салық тө­леу қажет екенін көре алады. Со­нымен қатар бұл реформа салық ор­гандарының орынсыз немесе ар­тық әрекетіне тосқауыл болады. Мы­салы, салықты бөліп төлеу мүм­кін­дігі қарастырылған. Егер кәсіпкер салықты бірден төлей алмаса, онда оны бөліп төлеуге рұқсат беріледі. Осын­дай түрлі тетіктер бизнеске үл­кен қолдау болады деп есептеймін.
Әрине, жаңа Салық кодексі са­лық органдарынан да айтарлықтай дайын­дық пен жұмысты талап етеді. Нор­маларды қабылдау – бір бөлек, оны іске асыру екінші бір бөлек мә­селе. Қазір біз салық органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жа­тырмыз. Бірнеше пилоттық жоба жү­зеге асырылып жатыр және олар­дың бәріне құқықтық негіз берілуде.
Дегенмен кейбір салықтардың мөл­шері өсіп жатыр. Бұл – бизнеске қо­сымша салмақ. Мысалы, кей сала­ларға салынатын қосылған құн са­лы­ғы және корпоративтік табыс са­лығы өседі. Атап айтқанда, ойын биз­несі мен банк секторы үшін са­лық мөлшері өсті. Бірақ сонымен қа­тар, басқа бірқатар салаларға жеңіл­діктер де беріліп отыр. Сондық­тан бұл өзгерістерді белгілі бір дәре­жеде «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» қабылданған шешім деп айтуға болады.
– Қосымша салмақ дегеннен шығады, халықтың қалтасына ауырлық түспейді деген мазмұн­дағы мәлімдемелер болды. Бірақ қосылған құн салығы түпкілікті ба­ғаға әсер ететінін ескеретін бол­сақ, халыққа бұл шешімнің сал­дары қалай әсер етеді деп ой­лайсыз?
– Әрине, кез келген өзгерістің бел­гілі бір салдары болады. Бизнес те өз мүддесін қорғауға, пайда табуға ты­рысады, бұл – қалыпты жағдай. Қо­сылған құн салығының табиға­ты­на қарасақ та, ол – негізінен тікелей кәсіп­керге емес, түпкі тұтынушыға са­лынатын салық. Яғни, өнімді не­месе қызметті тұтынушы сатып ал­ған кезде ғана салынады.
Сондықтан мүлдем ешқандай ауырт­пашылық түспейді деп біржақ­ты айтуға болмайды. Баға өсуі мүмкін екені рас. Бұл туралы Үкімет те ашық айт­ты. ҚҚС-ның көтерілуі қысқа мер­зім ішінде белгілі бір баға өсіміне алып келуі ықтимал, бірақ кейін тұрақ­танады деген болжамдар да бар. Қалай болатынын алдағы уақытта көретін боламыз. Жағдайды жұмсарту үшін біз бір­қатар нақты қадамдар жасадық. Әлеу­меттік маңызы бар тауарларға са­лынатын ҚҚС мөлшерін 12 пайыз­дан 10 пайызға дейін төмендетуге тырыстық. Кей салаларға екі жылға кезең-кезеңімен уақытша салық жеңіл­діктері берілді. Бұл салықты бір­ден емес, біртіндеп өсіру арқылы биз­нестің жағдайға бейімделуіне мүм­кіндік береді.
Ауыл шаруашылығы саласына да арнайы жеңілдіктер қарастырылды. Себебі бұл – әлеуметтік маңызы бар са­ла. Бірақ азық-түлік өнімдеріне жал­пы салықты төмендетпедік, өйт­ке­ні мұндай жағдайда импорттық азық-түлік те сол жеңілдіктерге ілі­гетін еді. Сол себепті біз бұл жеңіл­дік­терді елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне ғана қол­дандық. Олар әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі бойынша салықтан босатылады. Сонымен қатар медицина сала­сына, дәрі-дәрмекке, кітап шығару са­ласына да салық жеңілдіктері беріл­ді. Бұл – халыққа қосымша сал­мақ түспеуі үшін жасалған қадамдар.
Дегенмен баға өспейтініне ке­піл­дік бере алмаймыз. Себебі бизнестің өзін­дік логикасы мен нарық заң­ды­лығы бар. Жеңілдіктер берілсе де, ба­ғаның төмендеуіне кепілдік жоқ. Мұ­ны ашық айтуымыз керек. Сон­дықтан халыққа барынша жеңіл болуын қамтамасыз етуге күш сал­дық, бірақ қиындық мүлде болмайды деп кесіп айтуға болмайды.
– Бизнестің бөлшектенуі мә­се­лесіне тоқталсақ. Бұл салықтан жал­тарудың бір тәсіліне айналып кет­кені биік мінберлерде бір­неше рет айтылды. Жаңа құжатта осы мәселені реттеу үшін қандай тетіктер қарастырылды?
– Бір нәрсені айтып өту керек: биз­несті бөлшектеу заң бұзу деп есеп­телмейді. Өйткені заңда мұндай мүм­кіндік берілген. Әрине, бизнес ие­­лері өздеріне түсетін салық жүк­те­месін азайту мақсатында осы мүм­кін­дікті пайдаланып, бизнесті бір­неше бөлікке бөліп отыр. Бұл тә­жі­ри­бе кең таралған және дәл осы се­бептен Қазақстанда орта бизнес жоқ­тың қасы. Бізде негізінен ірі және шағын бизнес бар. Себебі орта дең­гейге шыққан кәсіпкерлер салық мөл­шерін азайту үшін қайтадан бөл­шектеніп, шағын бизнес санатына өтуге тырысады. Осы мәселеге қарсы шаралардың бі­рі ретінде қосылған құн салығы бойынша шекті мөлшерді қайта қа­рау қолға алынды. Яғни, салық са­лы­натын жалпы жылдық айналым ше­гін көтеру ұсынылды. Бұл – биз­неске тиімді жолдардың бірі, себебі айналым көлемінің шегі тым төмен болған жағдайда көптеген кәсіпкер са­лық салынбау үшін өз ісін жасанды түр­де бөлшектеп келген. Бірақ бұл ба­ғытта да біраз пікірталас болды. Бас­тапқыда ұсынылған айналым мөл­шеріне біз келіспедік. Өйткені жо­бада көрсетілген шек бойынша ай­лық айналым небәрі 1 миллион теңге шамасында болатын. Бұл – шын мәнінде тым аз көрсеткіш. Айта ке­ту керек, айналым мен таза табыс – екі бөлек ұғым. Орта есеппен алғанда, ай­налымның тек 10-15 пайызы ғана таза табыс ретінде қалады. Тіпті, ең маржиналды бизнесте бұл көрсеткіш 20 пайызға әрең жетеді. Сондықтан 1 миллион теңге айлық айналым де­геніміз – бизнестің таза табысы ша­мамен 100 мың теңге ғана деген сөз. Бұл көрсеткіш ең төменгі жала­қы­мен шамалас. Мұндай бизнес, әри­не, өзін-өзі ақтай алмайды, жа­бы­лады. Осы себепті біраз талқылаудан кейін біз бұл шекті көрсеткішті 40 мил­лион теңгеге дейін көтердік. Бұл ше­шім бір жағынан, бизнесті бөл­шектеудің тиімділігін азайтады, екін­ші жағынан, заң аясында жұмыс істеп жүрген шағын кәсіпкерлерге ар­тық қысым жасалмауына мүмкін­дік береді. Яғни, осы арқылы белгілі бір тепе-теңдік таптық. Енді оның нақты нәтижесі жаңа ережелер іске қосылғаннан кейін белгілі болады. Сонымен қатар бизнес субъек­ті­ле­рін жасанды түрде бөлудің алдын алу үшін әкімшілендіру процесінде де бірқатар шара қарастырылып жа­тыр. Кей жағдайларда бір адам бір­не­ше шағын кәсіпорын ашып, іс жү­зінде олардың бәрін өзі басқарып келген. Тіпті, кей кәсіпорындардың ар­тында нақты адам да болмаған. Осындай заң бұзудың алдын алу үшін енді биометриялық сәйкес­тен­діру жүйесі енгізіледі. Бұл – жалған кә­сіпорындардың құрылуына жол бермейтін, маңызды қадамдардың бірі. Нәтижесінде, бизнесті заңсыз бөл­шектеу айтарлықтай азаяды де­ген үміт бар.
–  Тағы бір жаңалық – «сән-сал­­­та­нат салығы», оны байларға са­лы­натын салық деп те айтып жүр­міз. Бұл салық нақты кімдер­ге салынбақ?
– Бұл бұрыннан айтылып жүрген мә­селенің бірі еді. Бізде табысы көп аза­маттар, яғни ауқаттылар қара­пайым халыққа қарағанда салыс­тыр­малы түрде аз салық төлеп келді. Кей санаттар, мысалы, дивиденд иелері са­лықтан мүлдем босатылған бо­ла­тын. Әрине, бұл шешім кезінде қажет бол­ды. Себебі еліміздің қаржы на­ры­ғы қалыптасу кезеңінде бол­ған­дық­тан, халықты акциялар сатып алуға ынталандыру үшін белгілі бір салық жеңілдіктері енгізілді. Алайда қазір жағ­дай өзгерді. Акционерлік қоғам­дар саны едәуір артты, әрі олардың тө­леніп жатқан дивидендтері де қо­мақ­ты болып отыр. Сондықтан біз бұл салаға да әділ салық салу қажет еке­нін көріп отырмыз.Сол себепті жаңа салық кодек­сін­де табыс мөлшеріне қарай салық са­лу, яғни прогрессивті шкала ен­гізілді. Бұрын жылдық 100 миллион тең­геге дейінгі дивиденд табыстары та­быс салығынан толығымен бо­са­ты­л­са, енді оларға 5 пайыз мөл­ше­рін­де салық салынады. Ал егер жыл­дық табыс 1 миллиард теңгеден аса­тын болса, онда 15 пайызға дейін са­лық салынады. Сонымен қатар елі­мізде резидент емес тұлғалар үшін бұл салық мөлшерлемесі бұдан да жо­ғары болады. Бұл өзгерістер табыс кө­леміне сай әділетті салық жүк­темесін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Бұдан бөлек, бізде бұрын тек жа­ла­қыға ғана табыс салығы салы­на­тын. Яғни, адам қанша жерден жұ­мыс істесе де, әр табыс көзіне жеке-же­ке 10 пайыз салық төлейтін. Енді бұл жүйе өзгерді. Енді азаматтың бар­лық табыс көзі біріктіріліп, жиын­­­­тық табысы есептеледі. Егер бұл сома жыл соңында 3 миллион теңгеден асып кетсе, онда оған қосымша 5 пайыз салық салынады. Яғни, жалпы мөл­шерлеме 15 пайыз болады. Бұл, әсіресе, бірнеше жұмысы бар немесе қосымша табыс көзі бар азаматтарға қатысты.
Біз бұл өзгерістерді табыс тең­сіз­ді­гін азайту үшін жасалған маңызды қа­дам деп есептейміз. Себебі ел ішін­де салық әділеттілігі сақталуға тиіс. Жоғары табысы бар азаматтар соған сай жауапкершілік алып, көбірек салық төлеуі қажет. Бұл тек бюджетке қо­сымша түсім ғана емес, қоғам ал­дындағы әлеуметтік әділеттілік қағи­да­сын жүзеге асырудың бір жолы.
– Сарапшылар қосылған құн са­лығы мәселесінде, жалпы биз­неске салық салғанда, бизнестің де мүддесін ойлау керек деген ой­ды жиі айтады. Мысалы, мем­лекеттің бизнеске жасаған жағ­дайы өзі қойып отырған талап­пен бірдей болуы керек деген пі­кір бар. Бұл бағытта қандай жаңа­лық бар?
– Иә, бұл пікір орынды, жаны бар сөз. Жалпы, қазір Салық кодексінің фи­лософиясы түбегейлі өзгеріп жа­тыр деуге болады. Енді біз сервистік мә­дениетке көшуге бет бұрдық. Бұл – салық жүйесінің тек қана бақылаушы, жазалаушы емес, керісінше, кәсіп­кер­ге қызмет көрсетуші, бағыт беруші механизмге айнала бастағанының белгісі. Күзге қарай қосымша бірқатар жаңа нормаларды енгізуге дайын­да­лып жатырмыз. Бұл жолы олар мөл­шер­лемелерге емес, салық әкім­ші­лен­діруі­нің мәселелеріне – яғни есеп беру тәртібі, тексеру жүйесі, жалпы цифр­ландыру процестеріне бай­ла­ныс­ты болады. Айта кету керек, қазір жос­парлы салық тексерулері мүлдем алы­нып тасталды. Бұл – бизнестің ер­кін дамуына жол ашатын маңызды қа­дам.
Алайда бұл салада әлі де талқы­лау­ды қажет ететін сұрақтар бар. Сол се­беп­ті біз салық органдары мен са­лық төлеушілер арасындағы қарым-қа­ты­насты реттейтін нақты әрі тү­сінік­ті ере­желерді енгізуге тырысып жа­тыр­мыз. Себебі бизнес үшін салық мөл­шерлемесінен де маңызды нәрсе – түсінікті әрі жүйелі тәртіп. Яғни, салық ережелері жиі өзгермей, ашық әрі әділ болуға тиіс.
Қазақстанда салық жүктемесі өте жо­ғары деп айта алмаймыз. Жалпы, са­лыстырмалы түрде алғанда, елі­мізде салық мөлшері төмен деңгейде. Бірақ басты мәселе – салық органда­ры­ның жұмыс тәсілі. Олар заң ая­сы­нан шықпай, артық талаптар қоймай, еш­қандай коррупциялық әрекетке жол бермеуге тиіс. Бұл үшін біз то­лы­ғымен цифрлық форматқа көшуіміз ке­рек. Мысалы, көршілес Ресейде соң­ғы жылдары осындай цифр­лан­дыру процестері кеңінен енгізіліп жа­тыр. Соның нәтижесінде бір жағы­нан салықтың түсімі артты, екінші жа­ғынан бизнес те заң аясында жұ­мыс істей бастады. Демек, бұл әдіс тиім­ді екенін көріп отырмыз. Сондықтан бизнес үшін ең маңыз­дысы – тұрақтылық пен ашық­тық. Қанша пайыз салық төлейтіні емес, сол салықтың әділ әрі заңды түр­де жиналуы. Бизнес заң аясында ер­кін жұмыс істей алатын орта болса ға­на дамиды. Ал егер салық жүйесі тү­сініксіз, әр инспектор заңды өзін­ше бұрмалап жүрсе, ондай ортада биз­нес ешқашан өспейді. Негізгі мә­селе де – осында.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан 
Ділда Уәлибек

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары