Жел энергиясы – болашақтың қуаты

Жел энергиясы – болашақтың қуаты

Ақтөбеде Plenitude Kazakhstan компания­сы­ның бас директоры Федерико Пульезе (Federico Pugliese)  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік уни­верситетінің Heriot-Watt университеті кам­пу­­сында дәріс өткізді.

Дәріс «Plenitude Kazakhstan компаниясының жаңар­тылатын энергия көздері саласындағы тәжіри­бесі» тақырыбына арналды. Кездесу барысында спикер Electrical Power Engineering білім беру бағдарламасы бойын­ша оқып жатқан студенттерге жел электр стан­с­а­сының толық жұмыс циклі мен техникалық процес­тері туралы жан-жақты түсіндірді.
Ақтөбе облысының Қарғалы және Хромтау аудан­дарында орналасқан Бадамша-1 және Бадамша-2 жел электр стансалары өңірдің негізгі электр энергия кө­зі­не айналып отыр. Жалпы қуаты 96 мегаватт болатын бұл нысандар – Қазақстандағы алғашқы жеке қаржы­лан­дырылған жел стансаларының бірі. Заманауи General Electric турбиналарымен жабдықталған стан­салар жыл сайын жүздеген миллион киловатт-сағат экологиялық таза энергия өндіреді. Осы жобаларды жү­зеге асырып отырған Plenitude Kazakhstan ком­па­ния­сы Қазақстанда сондай-ақ Shaulder күн электр стан­сасы (50 МВт) мен Маңғыстау гибридті энергия жо­басын іске асырып келеді.
Кездесу кезінде студенттер жел және күн энер­гия­сын өндірудің инженерлік ерекшеліктері, ком­пания­ның жергілікті кадрларды даярлау тәжірибесі мен жа­сыл экономикадағы мансаптық мүмкіндіктер тура­лы сұрақтар қойды.
Спикер Қазақстанда ашылған Heriot-Watt универ­ситетінің кампусында Electrical and Electronic Engineering бағдарламаларының маңызын атап өтіп, ағылшын тілінде білім алу болашақ инженерлердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік бере­тінін айтты.
Айта кетейік, Plenitude Kazakhstan – Eni компа­ния­сы­ның жаңартылатын энергия және декарбонизация ба­ғытындағы еншілес ұйымы. Компания Қазақстандағы ал­ғашқы жеке қаржыландырылған жел электр станса­ларын іске қосқан және қуаты 200 МВт-тан асатын күн жә­не жел жобаларын жүзеге асырып келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары