Қазақстан құрамасы парадзюдодан әлем чемпионы атанды

/
Қазақстан құрамасы парадзюдодан әлем чемпионы атанды
Парадзюдо федерациясы

Парадзюдодан Астана төрінде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті. IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің командалық жарысы ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс жолында Түркия, Үндістан, Өзбекстан елдерін жеңіп, тек Бразилияға есе жіберді. Айналмалы жүйе бойынша өткен белдесулердің қорытындысында чемпиондық тәж біздің қыздарымызға бұйырды. Осылайша әйелдер парадзюдосында бірінші орынды – Қазақстан, екінші орынды – Түркия, үшінші орынды – Бразилия құрамасы еншіледі.

Жарыстың шешуші күнінде Қазақстанның ерлер құрамасы өте тартысты финалдық айқаста Бразилияны ұтып кетті. Негізгі белдесулерде командалар алма-кезек жеңіспен алмасты. Ал соңғы кездесуде Жұрқамырза Шукурбеков Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Марсело Касанованы вазари әдісімен басым түсті.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары