Қызылордада 900 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

/
Қызылордада 900 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com

Қызылорда қаласының прокуратурасы 900 млн теңге құрайтын мүлікті мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz

Әкімдік тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигонды кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берген. 

Дегенмен, сенімгерлік басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөніндегі шарт міндеттемелерін орындамаған.  

Ал әкімдік бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамаған. 

Прокуратура араласқаннан кейін құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде, құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары