Семсерлесуші Руслан Құрбанов Колумбиядағы турнирде күміс жүлде еншіледі

/
Семсерлесуші Руслан Құрбанов Колумбиядағы турнирде күміс жүлде еншіледі
Olympic.kz

Семсер қаруымен айқасудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Құбанов Богота (Колумбия) қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жартылай финалда Курбанов Өзбекстан өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.

Алайда шешуші финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, өзбекстандық Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Ерлік Сертай да үздік ондықтың қатарына еніп, турнирді сегізінші орынмен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары