Маңғыстау облысының спортшысы Архат Баймұхан армрестлингтен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Армрестлингтен Азия чемпионаты 3 мамырда Үндістанның Нью-Дели қаласында басталды. Оған Маңғыстау ауданының Шетпе ауылынан Архат Баймұхан қатысты.
Спортшы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жоғары дайындық деңгейін көрсеткен Архат Баймұхан жарыста сенімді түрде жеңіске жетті.
Спортшыны жарысқа жаттықтырушы Асхат Олжабай дайындады.
Айта кетейік, Армрестлингтен Азия чемпионаты 9 мамырда аяқталады.