Павлодар қаласында құтқарушылар аяғы бетон плитасының астында қысылып қалған 2013 жылы туған баланы құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жеткенде дереу авариялық-құтқару жұмыстарына кірісіп, гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып баланы бетон плитасының арасынан босатты.
Зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады!