Өскеменде жас жігітті көлік қағып кетті

/
Өскеменде жас жігітті көлік қағып кетті
istockphoto.com

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 8 қараша күні сағат 19:00 шамасында Өскемен – Тәжірибе алаңы тасжолында болған. Көлік қағып кеткен 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Өскемен қаласына қарай қозғалып келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі сақ болуға шақырамыз. Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты таңдап, жолдағы жағдайды ескеруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өткені жөн», – деді полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары