Адамзатты құтқару үшін әр әйел кем дегенде 3 бала тууы керек. Аустралиядағы James Cook University университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді.
Олардың есептеуінше, дәстүрлі «ұрпақ алмасу» моделі (екі ата-ана — екі бала) қазіргі жағдайда тиімділігін жоғалтқан.
Зерттеушілердің айтуынша, урбанизация, кеш балалы болу, бедеулік пен өмір сүру салтының өзгеруі сияқты факторлар адамзаттың табиғи жолмен жаңарып отыруына кедергі келтіруде. Сол себепті тұрақты демографиялық тепе-теңдік сақтау үшін әр әйел орта есеппен үш немесе одан да көп бала туға тиіс.