Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

/
Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті
Видеодан алынған скриншот

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Жібек жолы көшесінің бойында жүк көлігі және жүк көлікке тиелген сіріңке жанып кетті, деп деп хабарлады turkystan.kz.

"Өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сағат 17:20-да оқшауланып, 17:39-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрттің салдарынан жүк көлігінде тиелген 15 тонна сіріңкенің шамамен 5 тоннасы жанды.

Өрттің сөндіруге Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 25 жеке құрамы және 5 техника жұмылдырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары