Астанада теннистен Virtus әлем чемпионаты басталды

/
Астанада теннистен Virtus әлем чемпионаты басталды
Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Астана қаласындағы «Дәулет» теннис орталығында Virtus әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі жариялады.

Аталған жарысқа Қазақстаннан басқа Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан,  Франциядан барлығы 50-ден астам спортшы жиналды. Олар жекелей, жұптық және командалық сында шеберлік байқасып жатыр.
Қазақстан Азия құрлығында интеллектуалдық дамуында ерекшеліктері бар адамдар арасында Virtus  әлем чемпионатын қабылдаған алғашқы ел атанды.

Қазақстан теннис федерациясының вице-презиленті Диас Досқараевтың айтуынша, елімізде инклюзивті теннисті дамытуға ерекше көңіл   бөлініп келеді. 

Үш жыл ішінде Қазақстанның сегіз қаласында арбадағы теннистен секциялар ашылды. 2024 жылы Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет арбадағы теннистен әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Екі теннисші әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге кірді, - деді Досқараев.


Аталмыш әлемдік дода 10 мамырда мәресіне жетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары