«Қазсушар» филиалдарына 300-ден астам жаңа техника берілді

/
«Қазсушар» филиалдарына 300-ден астам жаңа техника берілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезең бойынша 636 техника жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Келісімшарттарға сәйкес, техникалар Қазақстанның 14 облысындағы «Қазсушардың» 17 филиалына жеткізіледі. Соңғы кезең бойынша конкурс рәсімдері өткізіліп жатыр.

«Филиалдарды жаңа техникамен жабдықтау су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тасқын суына қарсы шаралардың тиімділігін арттырады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары