«Миллиондап қойды»: Назгүл мен Құндыздың үйін сатып жіберді деп айыпталған Ілияс Сариев құмар ойынға әуес болған

«Миллиондап қойды»: Назгүл мен Құндыздың үйін сатып жіберді деп айыпталған Ілияс Сариев құмар ойынға әуес болған
ашық дереккөзден

«Елге көмек» қорының негізін қалаушы Ақтоты Дүйсеева журналист Руслан Өтепбайдың YouTubeарнасына берген сұхбатында қазір қамауда отырған блогер, қордың жетекшісі Ілияс Сариев туралы бар шындықты жайып салды. Ақтотының айтуынша, Ілияс қорға келіп түскен қаражатты қолды қылып, құмар ойынға салған.

«Оны жақында ғана білдік. Құмар ойынға әуес, ставка. Кісілерден естідім. Каспиймен ставка қойғанын көрдім. Төлем тарихынан. Бұрын өзінің айтуынша 2014-2015 жылдары ойнағанын білемін. Одан соң қойып кеттім деді. Ал қазір қашан нақты басталғанын білмеймін. Бірақ ойнап жүрген екен. Бір рет маған футболға ставка қойғанын айтты. Миллиондап қояды. Алған ақшасын орнына қайтара алмағаны да сол себептен шығар деп ойлаймын. Ставка», – дейді Ақтоты Дүйсеева.

Еске сала кетейік, 10 сәуір күні Ақтотымен бірге «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының негізін қалаған Ілияс Сариев алаяқтықпен ұсталып, 2 айға қамалған еді. Ол бір топ адамды қажылыққа жібермеген компанияны жарнамалағаны үшін ұсталды. Алайда Ілияс Сариевтың үстінен арыз түсірушілер қатары күн санап артып келеді.

Сондай-ақ ол ол қор атынан Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, халықтан садақа жинаған. Кейін баспана алдық деп жарияға жар салған. Үй берілді деп айтылған мұқтаж жандардың ішінде Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздар Құндыз бен Назгүлдер де бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары