Танымал қазақстандық актер әйеліне қымбат сыйлық алып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Менің ойымша, негізі махр болғаны дұрыс сияқты. Ол енді қыз баланың жеке сыйлығы ғой. Не болсада сұрағанын алып бердім», - деп жазды Жахан Отарғалиев.
Еске салсақ, актер былтыр Меккеге барған сапарында болашақ жарының өзінен қандай мәһр сұрағанын қалайтыны туралы айтқан.
«Армандауға болатын шығар? Бұйыртса, үйленгеннен кейін бірден келерміз. Болашақ менің келіншегім, егер дәл қазір осы видеоны көріп отырсаң, мәһірге менен умраға жолдама сұрашы. Өкінбейсің. Егер келген болсаң, тағы келуге тырысасың. Қалған заттардың барлығы болады», - деп жазған болатын былтыр әлеуметтік желіде Жахан Отарғалиев.
Жаханның жар жайындағы тілегі орындалғанымен мәһрге келгендегі қалауы мүлде үйлеспей қалған. Белгілі болғандай оның әйелі мәһрге умраға жолдама емес, алтын сұраған.