«Өкінбейсің»: Жахан Отарғалиев болашақ жарына мәһрге не сұрау керегін айтты
Меккеге кеткен өнер иесі болашақ келіншегіне үндеу жолдады.
Некесі сәтсіз аяқталған актер Жахан Отарғалиев Меккеге қажылыққа аттанды. Өнер иесі қасиетті мекенге барып, мұсылмандық парызды орындау күйзелісте жүргендер үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтты.
Әзілкеш Медина қаласынан видео жариялап, оқырмандарына сәлемдеме жолдады. Ол күйзелісте жүрген жандарға міндетті түрде қасиетті мекенге келуге кеңес берді.
«Жүректің тыныштығы үшін аса ерекше әрі керемет жер. Әсіресе стрессте, күйзелісте жүрген адамдар болса, сіздерге таптырмас лайфхак. Міндетті түрде осы жаққа келіп, зәм-зәм ішіп, пайғамбарымыздың мешітінде намаз оқып кетіңіздер. Сол кезде жүректің тыныштығын ерекше сезінесіздер», - деді актер.
Сонымен қатар өнер иесі болашақ келіншегіне үндеу жолдап, өзінен мәһірге не сұрау керектігін айтты.
«Армандауға болатын шығар? Бұйыртса, үйленгеннен кейін бірден келерміз. Болашақ менің келіншегім, егер дәл қазір осы видеоны көріп отырсаң, мәһірге менен умраға жолдама сұрашы. Өкінбейсің. Егер келген болсаң, тағы келуге тырысасың. Қалған заттардың барлығы болады», - деді Жахан Отарғалиев.