«Сәттілік тілеңіздер!»: Гүлнұр Мамасарипова жағымды жаңалығын бөлісті

/
«Сәттілік тілеңіздер!»: Гүлнұр Мамасарипова жағымды жаңалығын бөлісті
Коллаж: Turkystan.kz

Көрерменнің көзайымына айналған «Келінжан» телехикаясының алтыншы маусымының түсірілімі басталды. Бұл туралы продюсер Гүлнұр Мамасарипова мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz. 

«Келінжан» 6 телесериалының түсірілімі басталды. Бізге тек сәттілік тілеп қойыңыздаршы! 40 серия болады. Өте ұзақ және күрделі, бірақ қызықты күндер басталды», - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, шығармашылық топ алғашқы кадрларды Алматы облысы Аққайнар ауылында таспалауға кірісіп кеткен. 

Көрермендер телехикаяның жалғасын күзде «Хабар» телеарнасынан көре алады.

Бес маусымға созылған туындының басты ерекшелігі – шынайылығында. Көрермен картинадан өздерінің тұрмыс-тіршілігін сырттан бақылап, ауыл өміріне енеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары