Қостанайлық келіншек қаржы пирамидасын құрып, елден 130 млн теңге алған

/
Қостанайлық келіншек қаржы пирамидасын құрып, елден 130 млн теңге алған
istockphoto.com

Қостанай тұрғыны 2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін салымшыларды жаппай тартып, WhatsApp мессенджері арқылы ойдан шығарылған инвестициялық бағдарламалар туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халыққа «Finiko» жобасының қызметі туралы жалған мәлімет беріп, салымшыларды ақша салуға үгіттеген.

Ол салымшылардан алған ақшаның бір бөлігін ізін жасыру үшін «биткойнмиксер» процедурасына салып, қалған бөлігін салымшылардың дивидендтерін төлеуге жұмсаған. Осылайша ол жаңа салымшыларды тартып отырған.

Нәтижесінде 36 азаматтың 126 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.

Ал сотта өзінің кінәсін мойындамаған.

Сот үкімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Дүние-мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ 7 жылға қаржылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары