Қазақстандық 8 дзюдошы Grand Slam турнирінде бақ сынайды

/
Қазақстандық 8 дзюдошы Grand Slam турнирінде бақ сынайды
Olympic.kz

Қазақстан құрамасы дзюдодан Grand Slam санатындағы турнирге қатысады.

Ауқымды халықаралық жарыс 1–3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтеді.

Еліміздің намысын сегіз спортшы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, медаль үшін төмендегі дзюдошылар күреседі:

- Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)

- Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)

- Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)

- Ықылас Әлсейіт (73 келіге дейін)

- Аңсарбек Ғайнуллин (81 келіге дейін)

- Досхан Жолжақынов (81 келіге дейін)

- Ермұхан Естай (100 келіге дейін)

- Мұхаммедәли Мавлидов (100 келіге дейін)

Жалпы аталмыш турнирге 200-ден астам спортшы қатысады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары